Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Құмжарған негізгі орта мектебі» КММ

КГУ «Кумжарганская основная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

АНЫҚТАМА

         Құмжарған негізгі орта мектебінде 2023-2024оқу жылында

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 27.10.2023ж #2021 қатынас хаты негізінде,мектепішілік күзгі каникул іс-шараларының жоспарына сәйкес, біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге ала отырып, ата аналары арасында «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата -аналар жиналыстар өткізілді.

Мақсаты: «Педагог- бала- ата ана» үштік одағы бірігіп отбасылық дәстүрлер туралы айтып, талқылады.

Өткізген: 5сынып жетекшісі: Ә.Сейтпағамбетова

      

#КүзгіКаникулАқтөбе2023

#БіртұтасТәрбиеАқтөбе2023

https://www.instagram.com/reel/CzFrZAfIuay/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

 

Өткізген :   6 сынып жетекшісі:Матигулова Г.Б.

  

    

#КүзгіКаникулАқтөбе2023

#БіртұтасТәрбиеАқтөбе2023

https://www.instagram.com/p/CzAx2ikI5s7/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

 

«Ізгілікке қалам тартқан жас ғұмыр» «Балалар кітапханас» жобасы аясында бастауыш оқушылары оқыған ертегілерін сомдады.

https://www.instagram.com/reel/CzIYAf2IGQw/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/CzLknkmI7-t/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

«Өнегелі өмір» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазу байқауы өткізілді.

Өткізген қосымша білім беру педагогы: Ұ.Болатов

https://www.instagram.com/p/CzMDCCWoWW4/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

«Денсаулықтың 6шарты»

https://www.instagram.com/reel/CzLqhqaI-DI/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

     Құмжарған негізгі орта мектебінде оқушылар арасында қожа Ахмет Ясауидің туғанына

953 жылдығына орай «Қожа Ахмет Ясауидің хал хикмет ілімі» тақырыбында эссе өткізілді

    

     

Өткізген қазақ тілі мен әдебиетті пәнінің мұғалімі : Ш.Жабаева

https://www.instagram.com/p/CzRGwMIIsGs/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Құмжарған негізгі орта мектебінің 2023-2024 оқу жылында   жүргізілген психологиялық қызметтің ЖЫЛДЫҚ есебі

Психологиялық қызметтің мақсаты – оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың психологиялық салауаттылығы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

(«2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ. (2.8. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет 75 бет))

 

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың табысты оқуы, дамуы, әлеуметтенуі және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауын қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдауды жүйелі ұйымдастыру.

 

Міндеттері:

*Білім беру ұйымында әр баланың психикалық және жеке дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайларды құру және қолдау;

*Білім беру процесіне қатысушылардың жас, психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын тиімді қамтамасыз ету;

*Білім берудің барлық деңгейлерінің кеңістігіне жеке, мәдени, әлеуметтік - кәсіби даму бағыттарын кіріктіру.

Педагог-психологтың негізгі қызметтері: психологиялық білім беру(алдын алу, ағартушылық қызмет), психологиялық консультация, психологиялық диагностика, психологиялық түзету-дамыту, психологиялық жетелеу және әлеуметтік-психологиялық бейімдеу.

Білім беруде мектеп климатын бағалау үшін индикаторларды әзірлеу (өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларға педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсету алгоритмін және жұмыс жоспарын дайындау), әдістемелік ұсынымдар даярлау.

Қ.Р Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығы негізінде жасалды.

 

Қыркүйек айы бойынша Керн-Йерасек әдістемесі 1 сынып оқушыларымен жүргізілді,соның ішінде 4 оқушының 3 оқушысы мектепке толық дайын,1 оқушы орташа деңгейде. «Менің сыныбым» әдістемесі 1 сынып оқушыларымен жүргізілді, оқушылардың сыныпқа бейімділігі қалыпты. «Менің сыныбым» әдістемесі 5 сынып оқушыларымен жүргізілді, оқушылардың сыныпқа бейімділігі қалыпты. Мектептік мотивация әдістемесі Н.Г.Лусканованың 5 сынып оқушыларымен өткізілді, сынып оқушылары мектепке оң көзқараста. «Отбасындағы зорлық-зомбылық» сауалнамасы 5-7 сынып оқушыларынан алынды, балалар арасында зорлық-зомбылыққа тап болған оқушы анықталмады. Мектепке және орта буынға әлеуметтік психологиялық бейімдеу шаралары 1,5 сынып оқушыларымен бейімдеу шараларына тренинг өткізілді. «Қауіпсіз интернет» тақырыбында құқықбұзушылық пен кибербуллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары 7-9 сынып оқушыларымен өткізілді.

Қазан айы бойынша «Менің сыныбым» әдістемесі 1 сынып оқушыларымен жүргізілді, оқушылардың сыныпқа бейімділігі қалыпты. Дж.Морено «Социометрия» әдістемесі 5-9 сынып оқушыларымен өткізілді. Зунге сауалнамасы 6-9 сынып оқушыларымен жүргізілді, депрессияға бейім оқушылар анықталмады. Мектептік мотивация әдістемесі Н.Г.Лусканованың 9 сынып оқушыларымен өткізілді, сынып оқушылары мектепке оң көзқараста. «ДАСС» сауалнамасы 8-9 сынып оқушыларынан алынды, оқушылар арасында стресске, депрессияға, мазасыздыққа бейім оқушы анықталмады. Басса-Дарки сауалнамасы 6-9 сынып оқушыларынан алынды, нәтижесі бойынша агрессияның жоғары деңгейіндегі оқушы анықталмады.

Қараша айы бойынша 5-9 сынып оқушыларында Айзенг.Темперамент тесті жүргізілді. 3-4 сынып оқушыларымен «Кактус» әдістемесі өткізілді. Оқушылар арасында агрессияға бейім оқушы анықталмады. 9 сынып оқушыларымен «Климов» мамандық таңдау әдістемесі жүргізілді. 6,7,8 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықты анықтау бойынша» сауалнама алынды, нәтижесінде зорлық-зомбылық факторлары анықталмады. 8-9 сынып оқушыларымен «Мектептік ақыл-ой деңгейін анықтау тесті ШТУР» өткізілді. 5-9 сынып оқушыларымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу» түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларымен сергіту жаттығулары «Сөмкені жинау, Көрпені жамау, Қораздар ойыны, Бәріміз бірге» ойындары ойнатылды. 5 сынып оқушыларымен «Із кесуші» психологиялық ойыны жүргізілді.

Желтоқсан айы бойынша 2-4 сынып оқушыларымен «Үйшік», «Моншақ» әдістемелері жүргізілді. 5 сынып оқушыларында «Кактус» әдістемесі өткізілді, нәтижесінде оқушылар арасында агрессияға бейім оқушы анықталмады. 7-9 сынып оқушылары арасында «Алкоголизм, нашақорлық, шылым шегу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 5 сынып оқушыларымен «Менің жарқын болашағым» тақырыбында әлеуметтік-психологиялық ойын өткізілді. 6-9 сынып оқушыларымен «Қорқыныш сезімінен арылуға және өз өзіне деген сенімділікті арттыру» ойындары жүргізілді. 5-9 сынып оқушыларына «Буллинг, Кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді және құқықбұзушылықтың алдын алу және суицид бойынша ақпараттандырылды.

6-9 сынып оқушыларынан агрессия түрін анықтауға арналған сауалнама Басса-Дарки әдістемесі алынды және 8-9 сынып оқушыларынан «ДАСС» стресс,депрессия, мазасыздық деңгейін анықтауға арналған сауалнама алынды.

9 сынып оқушыларынан «Акцентуациялық мінез» Шмишек тесті алынды. 7-9 сынып оқушыларынан «Құқықбұзушылық пен бопсалаушылық» анықтау бойынша сауалнама алынды.

5-9 сынып оқушылары арысында «Буллинг туралы не білесіз?» сауалнамасы алынып, қорытындыланды.

1-4 сынып оқушыларының «Қабылдау мен есте сақтау қабілетін анықтау» тренинг-жаттығулары жүргізілді.

Тәуекел топ оқушыларымен «Мен бақытты боламын» тренингі жүргізілді.

9 сынып оқушыларына «Мамандық таңдаудан қателеспейік!» тақырыбында кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, мағлұмат берілді.

Тәуекел топ оқушыларынан «Мен және менің отбасым» проективті әдістемесі алынды.

1-4 сынып оқушылармен «Жасырынып тұрған сөздерді тап», «Аспан, Жер, Су» тренингі өткізілді.

9-сынып оқушыларымен «Мамандығым- мерейім» атты тақырыпта тренинг жүргізіліп, жан-жақты мамандық жайында ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

9 сынып оқушыларына «Мамандық таңдаудың маңызы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер арқылы ақпарат берілді.

8-9 сынып оқушыларымен «Ғаламтордағы қауіпсізідік» тақырыбында кең көлемде ақпарат беріліп, бейнеслайдтар арқылы түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Наурыз айында 7-9 сынып оқушыларымен К.Томастың «Кикілжіңді шешу» тест сұрақтары алынып, қорытындыланды.

Түзету-дамыту жұмысы бойынша 4-класс оқушыларымен «Сәйкестіру» ойыны өткізілді.

Тәуекел топ оқушыларымен «Өмір қандай тәтті едің!» тренингі өткізілді.

2-3 сынып оқушыларымен «Сөйлемді құрастыру» ойыны жүргізілді.

Алдын-алу ағарту жұмысы бойынша «Буллинг» «Кибербуллингтің алдын-алу» тақырыбында 7-9 сыныптар бойынша ағарту жұмыстары өткізіліп, түсіндірме жұмысы жүрігізілді.

«Тест кезіндегі тәртіп, стресспен қалай күресуге болады?» тақырыбында 9-сыныптармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.

7-9 сынып оқушыларымен Құқықбұзушылық сауалнамасы алынды, нәтижесінде құқықбұзушылыққа бейім оқушы анықталмады.

9 сынып оқушыларынан «Стресс-тест» сауалнамасы өткізілді, нәтижесінде стресске түскен оқушы анықталмады.

МАД тобы оқушыларынан мектепке оқуға психологиялық тұрғыда дайындықты зерттеу диагностикасы алынды, нәтижесінде оқушылардың мектепке дайындығы қалыпты деңгейде анықталды.

2-3 сынып оқушыларымен «Менің көңіл-күйім» тақырыбында тренинг өткізілді.

5-8 сынып оқушыларымен Т.В.Артемьеваның жаттығулары «Менің көңіл-күйім неге ұқсайды?» «Қағаздан жасалған қар» «Болашақ чемпиондар» «Көңіл-күйді тап» «Сабын көбіктері» өткізілді.

4 сынып оқушыларымен «Айна» жаттығуы өткізілді.

7-9 сынып оқушыларымен Психологиялық акция «ПИКНИК» «Сілкіп таста» релаксациялық жаттығулары өткізілді.

9 сынып оқушыларымен «Сәт сапар, Жас түлек» «Сенім-менің серігім» тақырыптарында тренинг жаттығулары өткізілді.

7-9 сынып оқушыларымен «Буллинг» «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

9 сынып оқушыларымен емтихан алдындағы стресс профилактикасы жүргізілді.

Барлық жұмыстар дер кезінде өткізіліп, анықтама жазылып, хаттамаланды. Мектебіміз бойынша келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.

Мектеп психологы: Ә.Б.Сейтпағамбетова

© 2024 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Құмжарған негізгі орта мектебі» КММ КГУ «Кумжарганская основная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»